"Қайраттың" жаңадан келген шабуылшысы Штрели Мамба алматылық клуб сапындағы алғашқы сұхбатында өзінің алған әсерлерімен бөлісті және алға қойған мақсаттары туралы айтты.
- Штрели, "Қайратқа" қош келдіңіз! Сіз бұл клубты таңдау барысында қандай факторға назар аудардыңыз?
- Рахмет! Мен үшін шетелде тәжірибе жинау маңызды болды. "Қайрат" - дәстүрлері мен тарихы бар үлкен клуб, оның халықаралық деңгейде ойнауға мүмкіндігі бар. Мен білемін, клубта кез-келген ойыншыға кәсіби деңгейде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін керемет инфрақұрылым бар.
- Алексей Шпилевскиймен болған алғашқы әңгімеңіз туралы айтып берсеңіз. Сіз онымен не туралы сөйлестіңіз?
- Мен бас бапкермен "Қайрат", клубының мақсаттары, ойын философиясы және Алматы қаласы туралы сөйлестім.
- Сізді командада қалай қарсы алды?
- Команда мені өте жақсы қабылдады, барлығы жарқын жүзді жігіттер екен.
- Сіз кешкі ас кезінде неміс тілінде рэп айттыңыз. Ән не туралы болды?
- Ән ешқашан бас тартпау, әрқашан алдына мақсат қою және осы мақсаттарға жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасау туралы. Менің өмірдегі ұстанымым: "Ешқашан бас тартпа, әрдайым аш бол!"
- Соңғы сынақтың нәтижесі бойынша сіз командадағы ең жылдам ойыншы атандыңыз. Мұның себебі неде?
- Мен кішкентай кезімнен бастап өз командамдағы жылдам ойыншылардың бірі болдым. Менде өте жақсы генетикалық бейімділік бар және қышқа қашықтыққа жүгіру арқылы көп жылдар бойы машықтандым.
- Сіздің маусымға арналған жеке мақсаттарыңыз қандай?
- Мен командаға көмектескім келеді және бұл үшін бар күш-жігерімді салуға дайынмын, тамаша ойын көрсетуге тырысамын, менің бұл ойыным клубқа мүмкіндігінше өз пайдасын тигізсе деймін. Сіз әр ойын сайын ойланып, көп жұмыс жасауыңыз керек, соңында марапатқа ие боласыз.