Шұғыл! Бруно Фернандеш жазадан құтылды

"Манчестер Юнайтед" бір жазадан құтылып кеткен секілді. 

Шұғыл! Бруно Фернандеш жазадан құтылды

“Қызыл сойқандардың” орталық ойыншысы Бруно Фернандеш “Тоттенхэмге” қарсы матчта қызыл қағаз алып, алаңнан қуылған еді. Сол ойынды “МанЮнайтед” өз алаңында 0:3 жеңілді. Бірақ, матчтан кейін МЮ басшылығы АПЛ төрешілік ету және инспекциялау комитетіне арыз түсірді. Олар жағдайды қайта қарап, Бруно Фернандештің қызыл қағазы әділ емес деген тоқтамға келді. Осылайша португал ойыншысы бүгін “Астон Виллаға” қарсы матчта алаңға шықса болады екен. Орта сақа ойыншының дәл қазір Юнайтедке қатты керек екені елге мәлім. 

Бір қызығы, Бруно “Портуға” қарсы өткен ойында да қызыл қағаз алған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×