Шұғыл: Месси «Барселона» басшылығына клубтан кету туралы өтініш тастады

26.08.2020, 05:08
Қазіргі келісімшартында әр маусымның соңында келісімшартты бұзуға мүмкіндік беретін тармағы болған екен.
Шұғыл: Месси «Барселона» басшылығына клубтан кету туралы өтініш тастады

«Барселона» аргентиналық шабуылшы Лионель Мессидің клубтан кетуге шешім қабылдағанын растады, деп хабарлайды Football Espana.

Дереккөздің хабарлауынша, футболшы "Барселонадан" кету туралы өтініш білдірген, бірақ клуб оны клубта қалуға көндіру үшін бар күшін салуға ниетті. Ойыншы келісімшартта көрсетілген нұсқаны пайдаланбақшы, яғни ол жерде әр маусымның соңында біржақты шешім бойынша келісімшартты бұзуға мүмкіндік беретін тармағы болған екен.

Еске салайық, аргентиналық ойыншыға «Манчестер Юнайтед», «Манчестер Сити», «Пари Сен-Жермен» және «Интер» қызығушылық танытуда. Өткен маусымда 33 жастағы Месси барлық турнирлерде 44 матчқа қатысып, 31 гол соғып, 26 голдық пастың авторы атанды. Ойыншының клубпен келісімшарты 2021 жылдың жазына дейін жарамды.

Месси - "Барселонаның" түлегі, клуб тарихындағы ең үздік бомбардир. «Барселонаның» құрамында Месси төрт рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×