Шушеначев «Сочидеде» негізгі құрамнан тыс қала ма?

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
24.09.2024, 21:05

Артур Шушеначев «Сочидегі» алғашқы матчында ойынға қатысатын футболшылар тізіміне енген жоқ.

Шушеначев «Сочидеде» негізгі құрамнан тыс қала ма?
Артур Шушеначев

Айта кетейік, сочилік клуб Ресей кубогіндегі аймақтар жолының 1/32 финалдық кезеңінде сырт алаңда «Кубань Холдингті» ұтты. Кубань қаласындағы бәсеке 0:5 есебімен қонақтардың жеңісімен аяқталған.

Естеріңізге салсақ, Қазақстан құрамасының шабуылшысы Артур Шушеначев израильдің «Хапоэль Беэр-Шевасынан» бір маусымға ресейлік клубқа жалға берілген болатын. Шушеначев израильдік ұжымға «Қайраттан» осы жылдың ақпанында ауысып барды. Содан бері барлық турнирлердегі 20 ойынға қатысып, 2 доп соқты. Қазақстандық футболшы енді алдағы жылы Ресейдің Бірінші лигасында доп тебеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
×