Шушеначевке Кипр клубы қызығуда екен

28.08.2024, 23:06

Кипрлік “Анортосис” “Хапоэль” шабуылшысы Артур Шушеначевті қатарына қосуы мүмкін, деп жазады Sports.kz.

Шушеначевке Кипр клубы қызығуда екен

Кипр елінің БАҚ өкілдері “Анортосис” клубының  жоспарында шабуылшы сатып алу ойы бар екендігі жайында ақпарат таратты. Онымен қоса, аталған ұжым Шушеначевті мүмкіндік болса, сатып алардай ұсыныс жасауға дайындығын ерекше атап өтті.

Арнольд Гариту есімді шабуылшымен жасақталған “Хапоэль” Артурды керек қылмай қалды. 

Еске салайық, отандасымыз Израиль командасына 2024 жылдың ақпан айында “Қайраттан” ауысып барды. Содан бері ол барлық турнирлерде 20 ойын өткізіп, 2 гол соқты. 

Кипр чемпионатының жаңа маусымын тең нәтижемен бастаған “Анортосис” турнирлік кестеде 5 орында келеді. Фамагуста командасы өз тарихында ішкі чемпионатты 13 мәрте жеңіп алған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

Израиль
Серіктес жаңалықтары
×