Шушеначевте командасына сыймады

27.08.2024, 22:39

Ynet.co.il Израиль баспасы Артур Шушеначевтің “Хапоэль” Беэр-Шева ұжымынан кететіндігі жайында хабарлады.

Шушеначевте командасына сыймады

“Беэр-Шева ұжымында қазірде 6 легионер ойнайды. Израиль командасы осы футболшылардың біреуімен қоштасады. Басты кандидат - Артур Шушеначев. Қазақстандық “Хапоэльде” қалмайды”, деп жазады БАҚ.

Артур “Хапоэль” үшін жаңа маусымда 3 ойын өткізді. “Млада Болеславқа” қарсы Еурокубоктік кездесуде қызыл қағаз алғаннан кейін Шушеначев өз командасының ойындарына шақырылудан қалды. 

Беэр-Шева клубы 1 қыркүйек күні Суперлиганың 2-туры аясында “Бней Сахнинмен” бақ сынасады. 

Артудан бөлек тағы қорғаушы Бақтиер Зайнутдиновта командасына сыймай жүр. Кез-келген сәтте Ыстамбұлдық ұжыммен қоштасуға жақын ойыншының дағдайы қазірде мәз емес. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

Израиль
Серіктес жаңалықтары
×