Швейцария – Дания кездесуіне болжам

15.10.2024, 12:09

А Лигасындағы ең тартысты кездесудің бірін осы екі команданың арасындағы ойыннан күтеміз.

Швейцария – Дания кездесуіне болжам
Испания - Швейцария кездесуі

Швейцарияны компанияның басында дәл осындай нәтиже көрсетеді деп ешкім ойламаған еді. Алайда, Мұрат Якиннің командасы көңіл көншітпеуде. Шоколадтар елінің құрамасы әзірге үш турдан кейін Испания, Дания мен Сербиядан кейін соңғы орынға жайғасқан. Команданың ойын дағдарысында екенін айдан анық: Швейцария құрамасы топтағы үш бәскеде бір ғана доп ұра алған, ал өз қақпасына бақандай сегіз рет доп жіберген еді. Бұл құраманы біраз уақыттан бері мұндай қорғансыз күйде көрмеп едік. Сәтсіздігі ең алдымен кадрлық мәселелермен байланысты: Фабиан Шер мансабын аяқтады, Шердан Шачири жарақат алған. Шабуыл өтінде де жағдай мәз емес. Мақтаулы Эмболо Сербияның қақпасына пенальти сала алмай, швейцариялықтар үшін аталған кездесу жеңіліспен аяқталғанын білесіздер. Мұрат Якиннің командасы қазір психологиялық қысымның астында және ойын дағдарысын бастан өткізіп жатыр.  

Ал Дания керісінше жоғары нәтиже көрсетуде. Сәтсіз Еуродан кейін көпшілік Мортен Вигхорсттың ұжымынан мұндай ойын күтпегені анық. Десе де, үш турдан кейінгі жағдай мынадай - Дания бірінші орын үшін Испаниямен кәдімгідей бәсекелестік көрсетуде. Сербия мен Швейцарияны 2:0-мен жеңген даниялықтар тікелей бәсекелесіне тек ойын соңында есе жіберді (Испания – Дания 1:0). Ал қалған жағдайда құраманың өнері ешқандай күмән туғызбайды. Ұлттар Лигасындағы үздік шабуылшысы Пьер-эмиль Хёйбьерг. «Тоттенхэм» өкілінің тепкені гол болып жүр. АПЛ-де ойнайтын тағы бір даниялық футболшы Расмус Хойлунн да ақырындап жарақатынан айығып келеді. Қысқа қайырғанда бүгінгі бәсеке алдындағы қос құраманың жағдайы осындай. Сәл басымдық қонақтардың жағында көрінеді. Десе де, Швейцария осыған дейін де тығырықтан жол табатын табандылығымен аты шыққан команда. Осы жолы да азу көрсетіп қала ма дейміз. Данияны өз алаңында ұтып жатпаса да, біраз әурелеуі тиіс.

Сонымен, бұл ойынға біз мынадай екі нұсқа ұсындық - Швейцария екінші таймда гол ұрады. «Фонбет.кз» букмекерлік кеңсесі бұған 1.80 коэфициент беріп тұр екен. Дәл осы кеңсе ұсынатын мына бір ұсынысты да таразылап көруге шақырамыз - екінші таймның тоталы 1,5-нан көп деген нұсқа. Егер бұл бәсіңіз ойнап кетсе, үлкен табысқа кенелетін тамаша мүмкіндігіңіз бар, себебі біздің серіктес бұл жерде үлкен жомарттық танытыпты – бақандай 2.60 коэфициент.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×