“Лозанна” командасы “Астанада” өтетін қарымта ойында қолдаусыз қалмайды.
14 тамызда өтетін “Астана” - “Лозанна” кездесуінде швейцариялық клуб тарапынан 50 адам жолға шығыпты. Олар өз командасының “Астана Аренада” болатын матчында қызу қолдау көрсетпекші.
Еске салсақ, бұл қос команда арасындағы алғашқы ойында алаң иелері 3:1 есебімен жеңіске жетіп еді. Қазақстандық клуб сапынан аталған ойында тек Иван Башич қана гол соқты. Сол арқылы жартылай қорғаушы елорда ұжымына титтей болсын үміт сыйлады.
Ойын жақындаған сәтте “Астана Арена” лық толады деген болжам бар. Осыдан екі күн бұрын кездесуге 20 мың билет сатылды деген ақпарат тараған болатын.