Бүгін, 20 маусымда Швейцария құрамасы Түркия құрамасымен кездесті. Еуропа Чемпионатының топтық кезеңіндегі соңғы матч Бакудегі (Әзірбайжан) Олимпиадалық стадионда өтіп, 3:1 есебімен аяқталды. Кездесуде Славко Винчич бастаған Словениядан келген төрешілер тобы қызмет етті.
Бүкіл матч бойы ойын тең дәрежеде өтті, бірақ Швейцария шабуылдарын сәтті аяқтады. 6-минутта швейцариялықтар есеп ашты, гол авторы - Харис Сеферович. 26-минутта номиналды алаң иелерінің басымдылығын Шердан Шакири арттырды. 62-минутта Ирфан Кахведжи есеп айырмасын қысқартты. Алты минуттан кейін Шакири дубль жасап, ойынның нүктесін қойды. "Ливерпульдің" жартылай қорғаушысы осы матчтың үздік ойыншысы деп танылды.
Еске салайық, А тобында Швейцария мен Түркия құрамаларынан басқа Италия мен Уэльс құрамалары ойнады. Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша Италия 9 ұпай жинап, квартетте бірінші орынды иеленді. Уэльс (4) екінші болып аяқтады, олар доп айырмашылығы бойынша Швейцариядан (4) озып кетті. А тобындағы соңғы орынды Түркия құрамасы иеленді (0).
Біздің серіктес: FONBET