Швеция құрамасы жаңа бапкерін тағайындады, ал “Ноттингем Форест” Шон Дайчты таңдады

20.10.2025, 19:15

Әлем чемпионатының іріктеу кезеңін өте сәтсіз бастағаннан кейін Швеция құрамасы бас бапкер Йон Даль Томассоны қызметінен босатты. Ұлттық федерация көп ұзамай оның орнына Ағылшын маманы Грэм Поттерді тағайындағанын хабарлады.

Швеция құрамасы жаңа бапкерін тағайындады, ал “Ноттингем Форест” Шон Дайчты таңдады
Поттер & Дайч

Бұл шешім көпшілікті таңғалдырғанымен, белгілі бір логикасы бар. Себебі Поттер бұған дейін Швецияның “Эстерсунд” клубын жаттықтырып, ел футболын жақсы білетін маман саналады. 50 жастағы бапкермен 2026 жылғы әлем чемпионатына дейінгі мерзімге қысқа келісімшарт жасалған. Швед футбол қауымдастығының пікірінше, Поттердің тәжірибесі мен тактикалық икемі құраманы қайта жандандыруға көмектесуі мүмкін.

Ал Англияда бапкерлер нарығында тағы бір қызықты жаңалық тіркелді. “Ноттингем Форест” клубы Анже Постекоглуді қызметінен босатқаннан кейін Шон Дайчпен келісіп үлгерді. Бұған дейін клуб тізімінде “Фулхэмнің” Марко Силваcы және тәжірибелі маман Роберто Манчини сияқты үміткерлер болған. Дегенмен клуб иесі Эвангелос Маринакис Дайчқа көбірек сенім білдірген көрінеді.

Еске салсақ, Шон Дайч биылғы жылдың қаңтарында “Эвертоннан” кеткеннен кейін жұмыссыз жүрген болатын. Осылайша ол Премьер лигадағы жаңа сынаққа қайта оралуға дайын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×