Шымкент футболында үлкен өзгеріс орын алуы ықтимал, деп хабарлайды Aladop.kz.
Қалалық футбол федерациясының президенті лауазымына танымал кәсіпкер, "ПИОНЕР” компаниялар тобының басшысы Шыңғыс Әбдиевтің кандидатурасы қарастырылып жатыр.
Іскерлік жолы: Автокөліктен ірі бизнеске дейін
Шыңғыс Әбдиев — Шымкент топырағында дүниеге келген тума перзент. Оның еңбек жолы тоқсаныншы жылдардың басындағы қиын-қыстау кезеңмен тұспа-тұс келді. 1992-1993 жылдары ол Ресейден Қазақстанға автокөлік жеткізу ісімен айналысып, алғашқы кәсіпкерлік тәжірибесін жинақтады.
Алайда, оның нағыз іскерлік әлеуеті ауыл шаруашылығы саласында ашылды:
• 1995-1996 жылдары: Астық бизнесіне алғашқы қадамдарын жасады.
• 1996 жылдан бастап: Қостанай облысында ұн сату және экспорттау ісін дөңгелетіп, осы саладағы беделді тұлғалардың біріне айналды.
Жаңа белес — Шымкент футболы
Бүгінде ірі холдингтің тізгінін ұстаған Шыңғыс Әбдиевтің футбол федерациясына келуі кездейсоқ емес. Мегаполистегі бұқаралық және кәсіби футболды дамыту үшін мықты менеджерлік қабілет пен жаңа стратегиялық көзқарас қажет.
Шыңғыс өз кезегінде футбол сүйер екенін үнемі айтып жүреді және футбол ойнау оның хоббилерінің бірі.