Шымкентте ЧП! Антикор «Ордабасы» футболшыларын тергеуге алуда

23.04.2025, 15:26

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Ордабасы» футболшыларын тергеуге алып жатыр деген ақпарат бар.

Шымкентте ЧП! Антикор «Ордабасы» футболшыларын тергеуге алуда

Дерекөздің мәліметіне сенсек, Антикор шымкенттік команданың барлық ойыншысын тергеуге алған көрінеді. Арасында легионерлері бар, жергілікті футболшылар бар, барлығын сұрақтың астына алып, әбден әуреге салған дейді.

Айта кетейік, шымкенттік клуб былтыр жемқорлық фактісіне байланысты күдікке ілінген көрінеді. Енді құзырлы орган осыны негізге ала отырып тергеу-тексеру жұмыстарын жүргізуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері «Ордабасы» футболшыларын сағаттап сұрақтың астына алған делінген. Арасында тіпті 3 сағат бойы тергелгендері де бар көрінеді.

Естеріңізде болса, осыған дейін «Ордабасының» капитаны болған Асхат Тағыбергеннің жалақысына байланысты дау шыққан еді. Шымкент қаласының әкімі клубтағы «былықтарды» айтып, қоғамды біраз дүрліктірген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
×