Шымкенттік “Ордабасы” клубы қаланың футбол инфрақұрылымын түбегейлі өзгертуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Aladop.kz.
Sports24.kz таратқан мәліметке сүйенсек, клуб басшылығы Еуропаның озық стандарттарына негізделген жаңа академияның құрылысын қолға алмақ. Алайда бұл жолы клуб тез арада бітіру емес, сапалы негіз қалау принципіне басымдық беріп отыр.
Клубтың жаңа басшылығы бұл ауқымды жобаға аса жауапкершілікпен қарауда. Ақпарат бойынша, құрылыс жұмыстары асығыс басталмайды. Негізгі мақсат — әрбір детальды мұқият зерттеп, іргетасын нық қалау.
“Ордабасы” бұл жобада әлемдік тәжірибеге сүйенбек. Клуб өкілдері Еуропаның бірқатар жетекші футбол мектептерінің жұмысын өз көзімен көріп, зерттеуді жоспарлап отыр.
Академия жобасын әзірлеу барысында ерекше назар Түркияның “Башакшехир” клубына түскен екен. Шымкенттік мамандар Түрік футболының инфрақұрылымы мен жас таланттарды тәрбиелеу жүйесін зерделемек.