Шымкентте тағы да Бразиялияға кететін балаларды іріктеу басталды

08.11.2011, 06:45
Шымкентте тағы да Бразиялияға кететін балаларды іріктеу басталды

Шымкентте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы турнирдің нәтижесінде тағы да қазақстандық жеткіншектер іріктеліп, "Оле браз ил клаб" футбол академиясына аттанады. Бразилиядан келген бапкер Тиаго Козловский осы күндері әр жас мөлшеріндегі балаларды сұрыптап жатыр. Жарысқа 17 команда қатысуда.

"Талантты балалар жеткілікті. Бірақ солардың арасынан тағы да іріктеу жасау қажет. 1997-жылғы балаларды жинап тағы да біздің академияға әкетеміз. Арнайы бағдарлама арқылы шеберліктерін шыңдайтын балалар Қазақстан футболына тың серпіліс әкелуі керек" дейді Т.Козловский.

Е.МӘУЛЕН

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×