
Африкалық футболшының Шымкентте есірткі сатқаны анықталды. Тәртіп сақшылары оны ұстап, қамауға алған.
Полиция Шымкент қаласында 1,5 келі а-PVP синтетикасымен Орталық Африка азаматын қолға түсірді. Ол есірткіні Telegram арқылы сатып келген.
Белгілі болғандай, күдікті Қазақстанға 2020-жылы табыс табу мақсатында келген. Тіпті жергілікті футбол командаларының бірінде ойнаған. Дегенмен, ішкі істер органдары экс-футболшының аты-жөнін айтпай отыр.
Біздің серіктес: FONBET