Шымкенттік клубтың жаңа басшысының есімі белгілі болды

Бүгін, 16:35

Сенімді дереккөздердің хабарлауынша, клубтың жаңа президенті лауазымына белгілі менеджер Дархан Қызайбаев тағайындалуға жақын, деп хабарлайды Aladop.kz.

Шымкенттік клубтың жаңа басшысының есімі белгілі болды

Дархан Қызайбаев спорт менеджменті мен ірі бизнес саласында мол тәжірибе жинақтаған маман. Оның кәсіби жолы көптеген жауапты қызметтерді қамтиды:

– Спорттағы беделі: 2026 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан бокс федерациясының (ҚБФ) бірінші вице-президенті қызметін атқарып келеді. Сондай-ақ, 2025 жылдан бері Азия бокс конфедерациясының (Asian Boxing) қаржы және аудит комиссиясын басқарады.

– Бизнес саласы: "NORD Production Group" ЖШС директоры және "Ақтөбе рельс-арқалық зауыты” Бақылау кеңесінің төрағасы секілді ірі өндірістік нысандарда жетекшілік еткен.

Дархан Қызайбаев басқарушылық қызметін 2016 жылы бастаған. Содан бері ол стратегиялық даму, қаржылық бақылау және халықаралық ынтымақтастық бағыттарында нәтижелі жұмыс істеп келеді.

1. Инфрақұрылым және өндіріс: "Innotrack” және "IST Group Co" компанияларында басшылық кеңесші қызметтерін атқарды.

2. Стратегиялық басқару: Италиялық "Todini Costruzioni Generali S.p.A.” компаниясының Бақылау кеңесінде стратегиялық даму мәселелеріне жауапты болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×