"Қайраттың" жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаның жеке өмірі жанкүйерлердің назарын аударды. Оның анасы Сауле Рабаева ұлының Самат Смақовтың қызы Самирамен қарым-қатынасына қатысты ашық мәлімдеме жасады.
"Иә, әлеуметтік желілерде жазылғанның барлығы рас – Шерханның сүйіктісі Самат Смақовтың қызы. Өте ибалы, тәрбиелі қыз. Біздің отбасымен етене араласып кетті, Шерханды алғаш қадамынан бастап қолдап келеді. Олар бір жарым жылдан бері кездесіп келеді. Ол кезде Шерхан автобуспен, метромен қатынап жүрген күндері де қасынан табылды. Сол үшін оған үлкен құрметпен қараймын. Тіпті анасы екеуміздің арамыз кәдімгі жақын құрбылардай." – деді Рабаева.
– 1 Бол
.