Симо Валакари: «Бізде мықты мінез бар және келесі кезеңге өтуге лайық болдық»

13.08.2021, 15:39
Валакари мырза екінші таймда «Астананың» қорғаныста ойнайтынын біліп, шабуылшыларды шығарған екен.
Симо Валакари: «Бізде мықты мінез бар және келесі кезеңге өтуге лайық болдық»

КуПС командасының бас бапкері Симо Валакари Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі "Астанаға" қарсы өткен қарымта ойын (4:3, жалпы есеп - 5:4) туралы пікір білдірді:

- Тамаша нәтиже. Айта кету керек, біздің ойыншылар керемет ойнады: олар өз үйінде жақсы ойнайтын өте мықты командаға қарсы тұрды. Алғашқы таймда 0:2 есебімен жеңілдік, бірақ біздің ойыншылар ешқашан өздеріне күмәнданбады. Бізде мықты мінез бар және екі ойыннан кейін біз келесі кезеңге өтуге лайық болдық.

- Хет-трик жасаған Рангел ойынға қосалқы құрамнан шықты. Неліктен негізгі құрамға енбеді?

- Бізде керемет ойыншылар көп, бірақ негізгі құрамда тек 11 ойыншы ойнай алады. Мен әрқашан ойынды күшейтетін нұсқалаидың бар екенін білетінмін.

- Бұл матчта ХИК үшін кек алдық деп айта аласыз ба?

- Иә, біз бұл ойын туралы білдік, бірақ біз басқа командамыз.

- Сіз команданың екінші таймда еш қиналмай жеңіске жеткеніне таң қалдыңыз ба?

- Біз екінші таймда "Астананың" көбірек қорғаныста ойнайтынын білдік және біз шабуылдаушы ойыншыларды алға қойдық. Бұл тактикамыз жұмыс істеді.

- Келесі қарсылас - "Унион" туралы не айта аласыз?

- Біз плей-офф кезеңіне шығуға лайықпыз. Біз Бундеслиганың командасымен ойнаймыз, бірақ футболда бәрі мүмкін. Бұрынғыдай ойнауды жалғастырамыз.

- Жаңбыр мен жасанды төсеніш сізді алаңдатты ма?

- Жоқ, бәрі жақсы болды. Доп тез қозғалды, біз осындай жағдайларға үйреніп қалдық.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×