"Атлетико" футбол клубының бас бапкері Диего Симоне "Астана"-"Атлетико"(0:0) матчынан кейін өз ойымен бөлісті. -Бүгінгі ойынның есебіне көңіліңіз тола ма? Бірінші таймнан кейін футболшыларда болған қобалжуды байқадыңыз ба?
-Жоқ, матч қызықты өтті. Дәл осындай қарсылықты күттік. Қарсыластың дайындығы, жанкүйерлердің қолдауы өте мықты болды.
-Мадридтегі матчтан бұрын, сіз "Астана" командасы ойнау мәнері жағынан испандық командаларға ұқсайды" деген едіңіз. Ал, қазір не айтасыз?
-Мен "Астананың" жергілікті командаларға, және "Галатасарайға" қарсы ойындарын көрдім. Сондықтан, айтқанымды тағы да қайталауға дайынмын.
Біз бүгін бірнеше қауіпті сәттер ұйымдастырдық. Гол соғатын мүмкіндіктер де болды. Алайда, бір ұпай бізді қанағаттандырады.