“Манчестер Ситидің” басты ойыншылардың бірі Родри команданың қазіргі әлсіз нәтижелері туралы өз ойын айтты.
"Мен Месси емеспін. Алаңға қайта оралып, бір өзім команданы жеңіске жетелей алмаймын. Бұл ұжымдық спорт. Бұрын біз жеңістерге жеткенде де әріптестерімнің қолдауы қажет болды,” – деді Родри.
Испаниялық жартылай қорғаушы өзінің де ойыны әлі ең жоғары деңгейге жетпегенін мойындады:
“Әрине, өзімнің үздік қалпыма оралуым керек. Бірақ тек мен емес, барлығымыз өзімізге сын көзбен қарап, бірге жақсара білуіміз қажет. Бұл командалық ойын. Сенімді түрде айта аламын, үзілістен кейін біз әлдеқайда жақсырақ боламыз деп үміттенемін.”
Сонымен қатар Родри соңғы кездесулердегі негізгі мәселеге де тоқталды:
“Біз қазір балаларша қателесіп жатырмыз. Тәжірибесіздік емес, тек назардың жетіспеуі, концентрацияның жоғалуы. Егер шынымен жоғары деңгейде бәсекеге қабілетті болғымыз келсе, ойынымызды жаңа деңгейге көтеруіміз керек,” – деді ол.