"Бешикташ" клубы "Манчестер Ситидің" 29 шабуылшысы Джек Грилишті өз құрамына қосқысы келеді. Бұл туралы Takvim басылымы хабарлады.
Ақпарат көзінің мәліметінше, Aғылшын футболшысы “Қалалықтар” сапынан кеткісі келеді. Қазіргі таңда оның нарықтағы құны 28 миллион еуро деп бағалануда.
Грилиш 2021 жылдың жазында "Астон Вилладан" "Манчестер Ситиге” ауысып келген болатын. Ол кезде клуб бұл трансфер үшін 117 миллион еуро төлеген еді.
Өткен маусымда Джек Грилиш барлық турнирлерде 32 матч өткізіп, 3 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген. Оның клубпен жасасқан келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды.