Еуропаның ең танымал әрі ықпалды скауттарының бірі Яцек Кулиг Алматылық "Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы кадрлық саясатына тәнті болды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Беделді сарапшы Яцек Кулиг "Қайраттың” Еуропа төріндегі батыл қадамын жоғары бағалады. Скауттың айтуынша, Алматылық клуб Чемпиондар лигасының жалпы кезеңін тек ұпай жинау үшін емес, өз мектебінің әлеуетін әлемге паш ету үшін пайдаланып отыр.
Мәртебелі додада бақ сынаған 9 жас талант
Биылғы маусымда "Қайрат" сапында 21 жасқа дейінгі тоғыз бірдей футболшы Еуропаның басты турнирінде алаңға шықты. Олар:
Дастан Сәтпаев, Темірлан Анарбеков, Шерхан Қалмұрза, Азамат Тұяқбаев, Мансұр Бірқұрманов, Мұхамедәли Әбіш, Рамазан Бағдат, Олжас Байбек және Александр Мрынский.
Сарапшы пікірі
Яцек Кулиг клубтың бұл стратегиясы жастардың өсуіне зор ықпал ететінін атап өтті:
"Қайраттың” мұндай үлкен сахнада тек клубтың атын ғана емес, өз академиясының жемісін көрсетуге тырысып жатқаны қуантады. Бұл — академия жұмысына деген үлкен сенім мен жастардың болашағына салынған инвестиция.” — деп жазды сарапшы.