Sky Sports футбол тарихындағы ең үздік ойыншыны анықтады

19.07.2025, 13:00

Ағылшынның беделді Sky Sports басылымы футбол тарихындағы ең ұлы ойыншыны анықтау мақсатында ауқымды сауалнама жүргізді. Бұл сауалнамаға жарты миллионға жуық адам қатысып, өз дауысын берген.

Sky Sports футбол тарихындағы ең үздік ойыншыны анықтады

Бірінші орын – Криштиану Роналду

Сауалнама нәтижесі бойынша Португалия құрамасы мен “Аль-Наср” шабуылшысы Криштиану Роналду көш бастап, 36% дауыс жинады.

Екінші орын – Лионель Месси

Одан көп артта қалмай, Аргентина жұлдызы Лионель Месси 35% дауыс жинап, екінші орынды иеленді.

Үшінші орын – Диего Марадона

Үшінші орынды Мессидің жерлесі Диего Марадона иеленді. 

Пеле – тек төртінші

Көпшілік күтпеген нәтиже – Бразилия аңызы Пеле бұл тізімде төртінші орынмен шектелді. Көптеген сарапшылар мен жанкүйерлер үшін ол футболдың символы болса да, дауыс саны бойынша үздік үштікке ене алмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×