Слободан Крчмаревич жастар құрамасын жариялады

26.05.2012, 01:20
Слободан Крчмаревич жастар құрамасын жариялады
Футболдан ұлттық құрамамыздың бас бапкері Мирослав Беранектің ізін ала жастар құрамасының бас бапкері Слободан Крчмаревич те өз командасының құрамын жариялады.
    Естеріңізге сала кетейік, «Еуро – 2013» іріктеу турнирінің аясында 8 маусымда жастарымыз өз алаңында Францияны қабылдаса, 12 маусымда Латвия құрамасымен кездеседі. Екі ойын да "Астана-Арена" стадионында өтеді. 28 мамырда жастар құрамасы оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Астанаға жиналады. Тізімде 25 футболшы бар. Айта кетейік, «Ақжайық» қорғаушысы Бауыржан Омаров тұңғыш рет шақырту алып отыр. Сондай-ақ біраз үзілістен кейін жартылай қорғаушы  Рахымжан Розыбакиев пен қорғаушылар Саят Сариев, Бақдәулет Қожабаев және Гафуржан Сүйімбаев сынды ойыншылар жастар құрамасына қайта шақырылды. Тағы бір айтарымыз, ұлттық құрама сапына шақырылған «тараздық» Бауыржан Исламхан мен «тобылдық» Бауыржан Жолшиев жастар құрамасына да шақырту алыпты. Дегенмен Мирослав Беранек өз сұхбатында жастарды ұлттық құраманың 1 маусымда Қырғызстан құрамасына қарсы ойынында сынап көретінін, ал 5 маусым күні басқа жігіттерге мүмкіндік беретінін айтқан болатын. Демек, бұл екі жас дарынымыздың екі құрама сапына қатар шақырылуы – заңдылық. Қазақстан жастар құрамасы: Қақпашылар: Самат Отарбаев (Ордабасы), Сергей Ткачук (Шахтер), Азат Битабаров (Тараз) Қорғаушылар: Дмитрий Шомко (Ертіс), Евгений Горячий, Виктор Дмитренко (екеуі де — Астана), Дамир Дәуітов (Жетісу), Михаил Габышев (Шахтер), Дмитрий Мирошниченко (Ақтөбе), Гафуржан Сүйімбаев, Бақдәулет Қожабаев (екеуі де — Ордабасы), Саят Сариев (Жетісу), Бауыржан Омаров (Ақжайық). Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат (Ақтөбе), Бауыржан Исламхан, Шерхан Бауыржан (екеуі де — Тараз), Евгений Левин, Рахымжан Розыбакиев (екеуі де — Қайрат), Асхат Тағыберген (Қайсар), Абылайхан Махамбетов (Оқжетпес) Шабуылшылар: Денис Прокопенко (Астана), Бауыржан Жолшиев (Тобыл), Сергей Лисенков (Ақтөбе), Алексей Щеткин (Жетісу), Сергей Хижниченко, Станислав Лунин (екеуі де — Шахтер) Аға бапкер — Слободан Крчмаревич алаш арена
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×