Словакия басылымы: “Қайрат” “Слован” үшін тым ауыр қарсылас болды”

13.08.2025, 13:30

Словакиялық Sportweb.pravda.sk сайты Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі "Слован" мен "Қайрат" арасындағы қарымта ойынға (1:0, пенальти – 3:4) пікір білдірді.

Словакия басылымы: “Қайрат” “Слован” үшін тым ауыр қарсылас болды”

"Өкінішке қарай, "Слован” Братиславада мүлдем сәтсіз өнер көрсетті. Алматының "Қайратын” аса мықты команда деу қиын, бірақ ол "Слован” үшін тым күрделі қарсыласқа айналды. Өткен аптада Қазақстанда 0:1 есебімен жеңілгеннен кейін, "Слован” ойынды қосымша уақытқа жеткізді, алайда пенальти сериясында жолы болмады. Алан Мустафич пен Тигран Барсегянның соққылары қақпаға дарымады.” деп жазады басылым.

Енді "Слован” Еуропа лигасының топтық кезеңіне өту үшін Швейцарияның "Янг Бойз” клубымен ойнайды. Егер жеңілсе, команда Конференциялар лигасында өнер көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×