Словакия құрамасы Қазақстанға қарсы кездесуге үш ай бойы дайындалды

Бүгін, 09:53

Словакия құрамасы Ұлттар лигасының алдағы өтетін матчтарына дайындығын пысықтауда, деп хабарлайды Aladop.kz.

Словакия құрамасы Қазақстанға қарсы кездесуге үш ай бойы дайындалды

Команданың бас бапкерінің ассистенті Любош Бенковскидің айтуынша, Қазақстан құрамасында бапкер ауысқандықтан, бапкерлік штаб соңғы үш ай бойы жаңа бапкердің ойын мәнері мен идеялары туралы барынша толық ақпарат жинаумен айналысқан.

Сондай-ақ Cловакиялықтар 10 күн ішінде өтетін 4 матчта футболшыларға түсетін ауыртпалықты дұрыс бөлу үшін клубтық және Eурокубоктық турнирлердегі тәжірибесін пайдалануды жоспарлап отыр.

Бас бапкер Владимир Вайсс белгілеген команданың басты мақсаты — өз тобында жеңіске жетіп, В дивизионына шығу.

Қазақстан мен Словакия құрамалары арасындағы кездесу 29-ынан 30 қыркүйекке қараған түні Кошице қаласында (Словакия) өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Aladop Youtube
×