Словакиялық клуб соншалықты алынбас қамал емес. Отандық маман «Слованның» осал тұсын анықтап, «Қайраттың» «шансын» айқындады

06.08.2025, 14:45

Белгілі бапкер Асқар Қожабергенов «Қайраттың» ЧЛ 3-іріктеу кезеңіндегі бірінші кездесуіне тоқталып, словакиялық қарсыласының мықты-осал тұстары туралы пікірімен бөлісті.

Словакиялық клуб соншалықты алынбас қамал емес. Отандық маман «Слованның» осал тұсын анықтап, «Қайраттың» «шансын» айқындады
"Слован" футболшылары голдарын тойлауда

Айта кетейік, бүгін командалар 20:00-де Алматыдағы «Орталық» алаңда кездеседі.

«Слован» сапында Еуропаның мықты лигаларында ойнаған футболшылар бар. Статистика бойынша, команданың орташа жасы 27 жас екен. Бұл деген өте жақсы, орташа жас. Құрамында тәжірибелі футболшылары да, жас ойыншылары да бар деген сөз. Бірақ, соңғы көрсеткіштеріне қарағанда, қорғаныс шебіндегі футболшылары біздің «Қайраттың» шабуылшыларынан әлдеқайда шабандау көрінеді. Одан кейін қанша жерден тәжірибелі команда болса да, ана «Зриньскийден» екі гол жіберіп алғанын білеміз. Словакия чемпионатында да соңғы екі матчта гол жіберіп отырды. Сондықтан, өз алаңымздағы ойында біздің жылдам шабуылшыларымыз өздерінің мүмкіндіктерін іске асыруы қажет», - деді А. Қожабергенов «Аладоп.кз» сайтына берген сұқбатында.

Командалар арасындағы жауапты матч 12-тамызда Братиславада болады.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×