"Ақтөбе" жаңа бас бапкерді іздеу барысында танымал маман Владимир Вайсқа тоқталуға жақын, деп хабарлайды Aladop.kz.
Словакиялық бапкердің "Слован” (Братислава) клубымен келісімшарты үзіліп, ол қызметін Ақтөбеде жалғастыруға ниетті. Қазірше тараптар өзара ауызша келісімге келген, ал ресми мәлімдеме жақын арада жариялануы мүмкін.
Владимир Вайс — Еуропалық және қазақстандық футбол жанкүйерлеріне жақсы таныс тұлға.
Вайсс 1983-2000 жылдар аралығында жартылай қорғаушы ретінде өнер көрсетті. Футболшы мансабының негізгі бөлігін Братиславалық "Интерде” өткізіп, 100-ден астам матчқа қатысқан.
Ал, Ұлттық деңгейде Чехословакия (19 матч) және Словакия (12 матч) құрамаларында ойнап, 1990 жылғы Әлем чемпионатында бақ сынағаны бар.
Бапкерлік жетістіктері:
– Словакия құрамасы (2008-2012): Тарихта тұңғыш рет Словакияны 2010 жылғы Әлем чемпионатына алып шығып, елдің нағыз мақтанышына айналды.
– "Қайрат” (2012-2016): Қазақстандық жанкүйерлерге "Қайрат" арқылы жақсы таныс. Алматылық клубпен бірге екі рет Қазақстан Кубогын иеленді.
– Грузия құрамасы (2016-2020): Грузия футболының деңгейін көтеріп, бірнеше ірі іріктеу кезеңдерінде команданы басқарды.
– "Слован” (2021-): Соңғы жылдары Братиславалық клубты бірнеше рет Словакия чемпионы қылып, Еурокубоктардың тұрақты қатысушысына айналдырды.
Вайс — Қазақстан футболын жақсы білетін, тәртіп пен тактиканы бірінші орынға қоятын маман. Егер "Слованмен" келісімшартын ресми үзіп, Ақтөбеге келетін болса, бұл “Қызыл-Ақтар” үшін чемпиондық жолдағы үлкен қадам болмақ.