Словакия бапкері: «Қазақстанның жұма күні пайдаланған схемасымен жұмыс істеп жатырмыз»

06.06.2022, 15:27
Таркович те Қазақстан секілді негізгі құрамға өзгерістер енгізбек.
Словакия бапкері: «Қазақстанның жұма күні пайдаланған схемасымен жұмыс істеп жатырмыз»

Словакия құрамасының бас бапкері Штефан Таркович Қазақстанмен болатын матч жайлы пікір білдірді:

- Қазіргі кезеңнің өзінде біздің командаға алты бірдей тартысты матч өткізу керек. Тек Беларусьпен ғана емес, Әзірбайжанмен де, Қазақстанмен де. Тапсырманы орындап, нәтиже жағынан да, ойын тұрғысынан да жақсы нәтиже көрсетсек, қуанышты болар едім. Бұл әр адамның дұрыс көзқарасын, абсолютті мотивациясын талап етеді.

Қазір біз Қазақстанның жұма күні пайдаланған схемасымен жұмыс істеп жатырмыз. Негізгі құрамда кімдердің шығатынын айта алмаймын. Өзгерістер болады, бірақ мен дұрыс құрамды таңдаймын деп ойлаймын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×