“Слован” “Селтиктен” сескеніп қалған

“Слован” - “Қайрат” жұбының жеңімпазы Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңінде шотландиялық “Селтикке” тап болады. Алайда словакиялық клубтың кельттермен болған өткен маусымдағы текетіресі сәтті болды деп айтуға ауыз бармайды. 

“Слован” “Селтиктен” сескеніп қалған

2024 жылы Слован ұжымы Чемпиондар Лигасының іріктеуінен мүдірмей өтті. Клуб өз алаңында өткен 4 матчтың 4 жеңіске жетіп, квалификацияның үздік ұжымы атанған. Алайда басты турнирдің ортақ тобына түскен бойда “Селтикке” жолыққан “Слован” 5:1 есебімен оңбай ұтылған еді. “Селтик Паркте” өткен кездесуде қонақтар сапынан Кевин Виммер ғана голдың бір шетін шығара алды. Бірақ аустриялықтың нәтижелі әрекеті шындықты айтқанда, матч тағдырына түкте әсер етпеді. Сөйтіп, 57 мың фанаттың алдында алғашқы ойынын сәтсіз өткізген “Слован” қалған кездесулерін де жеңіліспен аяқтап, Чемпиондар Лигасындағы жорығын тәмамдады. 

Міне, сол сәттен бастап “Слован” “Селтик” десе, сескенетіндей жағдайға жетті. Қазірде командаларда құрамдар ауысып, ойын мәнері өзгерді дегенді айтқанымен, Шотландия ұжымы бәрібір “Слованнан” бір саты жоғары тұрады. Алайда әліптің артын бағып, бүгінгі матчтың қорытындысын бірінші біліп алайық. Содан кейін, “Селтикке” кім жолығарын нақты айта жатармыз. Мүмкін, сәтін салып келесі кезеңге “Қайрат” өтсе, “Слованға” терлеп-тепшудің мүмкіндігі тумас. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Қайрат ФК
Aladop Youtube
×