Словения құрамасы бас бапкерін қызметінен босатты

Матьяж Кек клубтық футболға ден қояды. 

Словения құрамасы бас бапкерін қызметінен босатты

64 жастағы маман Словения құрамасын соңғы 7 жыл шамасында жаттықтырып келді. Бапкер команда тізгінінде жалпы алғанда 75 матч өткізіп, соның 32 жеңіп, 26 тең ойнап, қалған 17 жеңіліс тапты. 

Еске салсақ, Словения осы маманның нұсқаулығымен 2023 жылдың қараша айында “Стожицеде” біздің ел құрамасын 2:1 есебімен ұтып, Еуро-2024 турнирінің финалдық кезеңіне өткен болатын.

Бапкерлік қызметте 64 жастағы тәжірибелі маман “Риека”, “Иттихад” және “Марибор” клубтарында еңбек етті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Словения
Aladop Youtube
×