Словения құрамасының қорғаушысы: Норвегияға қарсы кездесуде Қазақстан құрамасы өзінің мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
09.09.2024, 11:51

Словения құрамасының қорғаушысы Петар Стоянович Қазақстан құрамасымен өтетін ойын туралы айтты.

Словения құрамасының қорғаушысы: Норвегияға қарсы кездесуде Қазақстан құрамасы өзінің мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді
Петар Стоянович

Станислав Черчесов жаттықтыратын қазақстандық футболшыларды ұтудың оңай болмасын жеткізген ойыншы, алаң иелерінің бүгінгі бәсекеге дайын екендіктерін де қоса кеткен.

«Бізді тағы бір сапалы қарсыласқа қарсы кездесу күтіп тұр. Мүмкін, көбісі біз бұл бәсекеде оңай олжаға кенеледі деп ойлайтын шығар, алайда меніңше бұл соншалықты оңай болмайды. Біз Қазақстанмен Еуропа біріншілігінің іріктеуі аясында өте ауыр екі ойын өткізгенімізді ұмытпауымыз керек. Норвегияға қарсы кездесуде Қазақстан құрамасы өзінің мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Оларда қазір жаңа бапкер, сондықтан киім ауыстыратын бөлмелерінде жаңа энергия, ал футболшыларында өзін жақсы қырынан көрсетуге қосымша ниет бар.Бұл қиын ойын болады, бірақ біз оған дайынбыз. Біз жеңіске жеткіміз келеді! Мақсатқа жету үшін барымызды саламыз» - деді словениялық футболшы.

Бүгін түнде ұлттық құрама Словенияға қарсы кездесу өткізеді. Бұл матч Любляна қаласындағы "Стожице" стадионында болады. Ойын - сағат 23:45-те басталады. Естеріңізде болса, жұма күні Станислав Черчесов жаттықтыратын қазақстандық футболшылар Алматыда Норвегияны қабылдап, ұпай бөлісті (0:0).   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
×