Словениялық БАҚ: Қазақстанның қарғысы жалғаса ма?

16.07.2025, 12:40

Еурокубокта үшінші мәрте жолыққан Қазақстан мен Словения теке-тіресінде тағы да жеңіс отандық клубтың пайдамызға шешілді. Бұл жайтты Словенияның бұқаралық ақпарат құралдары да елеусіз қалдырмады.

Словениялық БАҚ: Қазақстанның қарғысы жалғаса ма?
Guliverimage

«Словения үшін Қазақстан клубтары тағы да оңай қарсылас болмады. Футбол маусымының жазда үзіліссіз өтуі, командалардың жарыс ырғағына еніп үлгеруі, ұзақ сапарлар мен уақыт белдеуінің ауысуы – Еуропа ұжымдары үшін қосымша қиындықтар тудырады. Бұл жолы да дәл осылай болды. «Қайрат» Люблянада тең ойнап (1:1), Алматыда «Олимпияны» 2:0 есебімен жеңіп кетті.

Словения клубтары өз тарихында үшінші рет Қазақстанда сәтсіздікке ұшырап отыр:

  • 2011 жылы Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде Қарағандының «Шахтері» «Коперді» жарыстан шығарған (1:1, 2:1). Ал бір айдан кейін бапкері Владо Баджим қызметінен кетті.

  • 2015 жылы «Астана» фаворит саналған «Марибордан» (0:1, 3:1) айласын асырды. Бір айдан соң, Анте Шимунджа қызметінен босатылды. 

Енді назарда «Олимпияның» бас бапкері Хорхе Симау. Оның командасы да Қазақстанда есе жіберіп, еурокубок маусымын аяқтады. Жергілікті БАҚ енді Симау да «Қазақстан қарғысына» ұшырап, орнын босатуы мүмкін деп болжауда», – делінген Словенияның Siol.net басылымында.

Енді «Олимпия» жарыс жолын Конференция лигасының екінші кезеңінде жалғастырады. Оның қарсыласы – Андорра чемпионы саналатын «Интер» ұжымы болмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×