Словениялық «Ekipa» басылымы «Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сатпаевтың талантына тәнті болып, пікір қалдырды.
«Олимпия» допқа көптеп иелік етуін жалғастырған, алайда алматылық қонақтар өз қақпасын сауатты әрі ақылды қорғады. «Айдаһарларға» қарсылас қорғанысынан саңылау табуда идея да, жекелеген футболшыларға шеберлік те жетіспеген еді. Осы үшін олар ақыры жазаланды. 59-минутта алаң иелерінің қорғанысындағы саңылауды пайдаланып кеткен Жоржиньо өткір паспен командаласын тапты. Сөйтіп, сәл сәттіліктен кейін доп 16 жасар талант Дастан Сатпаевтың аяғынан табылып, оны қақпаға оп-оңай тоғыта салды. 16 жасар бала «Стожице» стадионын сілтідей тындырды», - делінген басылым материалында.
Қос клуб бірінші бәсекеде тең тарқасып, 15-шілдеде Алматыда қайта жолығады. Ұтқаны екінші іріктеу кезеңіне шығады.