Словениялық «Rtvslo.si» сайты Ұлттар Лигасының төртінші туры аясындағы Қазақстан - Словения матчы туралы материал жазды.
«Қазақстан бірінші таймда тапқырлау көрінді, бес соққы бағыттаса, оның екеуін тура қақпаға жасаған. Ал Словенияның үш соққысы да қақпаға ұшқан болатын. 12-минутта қазақтар бірінші қауіпті соққысын жасады: Облак Чесноковтың соққысын қайтара алса, Айымбетовтың 15-минуттағы соққысынан словениялықтарды тек қақпа бағанасы құтқарып қалған болатын. 55-минутта Ян Млакардың голының арқасында Словения есепте алға шықты. Қазақстан құрамасы таразы басын теңестіру үшін барын салған, алайда Словения командасы қорғаныстағы міндетін жақсы орындап, минималды жеңіске жетті», - делінген словениялық сайттың мақаласында.
Кеше Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасындағы төртінші турда өз алаңында Словенияны қабылдап, 0:1-мен ұтылып қалды. Енді ұлттық команда келесі ойынын Аустрияға қарсы өткізбек. Бұл бәсеке 14-қарашада, Қазақстанның алаңында өтеді. Ал биылғы компаниядағы соңғы кездесу Норвегияның алаңында болады.
Біздің серіктес: FONBET