Словения сабамызға түсірді

25.03.2023, 00:15
Қазақстан Словения арасындағы ойын 1-2 есебімен Словения құрамасының жеңісімен аяқталды.
Словения сабамызға түсірді

1-тайм басталысымен қонақтар допқа иелік етіп, белсенді ойын көрсетті әсіресе Словения құрамасы сапында 11-нөмірлі ойыншысы Беньямин Шешко Қазақстан құрамасының қорғанысын біраз мазалады, бірақ Шацкийдің сенімді ойыны қарсыластарға гол соғуға мүмкіндік бермеді.

Өз кезегінде Қазақстан құрамасы 1-таймда екінші нөмермен өнер көрсетті, допқа аз иелік еткен Қазақстан Құрамасы 1-тайымда шабуылы аз болғанымен сапасы жақсы болды, ойынның 24-минутында Максим Самородов баспен әдемі гол соғып есеп ашты. Осылайша ойынның алғашқы 45 минуты 1-0 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды.

Екінші тайм басталысымен Словения құрамасының 23-нөмерлі ойыншысы жылдам гол соғып есепті теңестірді. Гол соққан Словения құрамасы шабыттанды ма әлде гол өткізіп алғансоң Қазақстан құрамасы есеңгіреп қалдыма, екінші тайымда Словения құрамасы шабуылдарын үдете түсті. Осыны байқаған Адиев бапкер ойыншыларды ауыстырып тактикалық өзгерістер жасауға тырысып көрді, Адиев бапкердің ойыншылар ауыстыруы ойынға өзгеріс әкеле қоймады. Есесіне Словения құрамасының сапында алаңға ауысып кірген 17-нөмерілі ойыншысы 78-минутта гол соғып өз командасын алға шығарды. Қазақстан құрамасы ойынның соңғы қалған бөлігінде барын салып шабуылдағанмен Ян Облак қорғаған қақпаға гол соға алмады.

Ұлар Айбын

Red Heart





Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×