Смақов Кистерді артта қалдырды

27.03.2012, 20:25
Смақов Кистерді артта қалдырды
"Ақтөбе" капитаны 33 жастағы Самат Смақов батыстық клубтың сапында 149-шы кездесуін өткізіп, "Ақтөбе" сапында ең көп ойын өткізген ойыншылардың арасында екінші орынға көтерілді. Ал бұл тұрғыда клуб рекорды "Ақтөбе" сапында 153 кездесу өткізген Дмитрий Юристке тиесілі. Дегенмен, оны қуып жетер кез де алыс емес. Енді "Ақтөбе" сапында бес ойын өткізсе, Самат клуб рекордына түзету енгізеді. "Ақтөбе" сапында Қазақстан біріншілігінде көп ойын өткізген ойыншылар: 1. Дмитрий Юрист — 153 матч;  2. Самат Смақов — 149;  3. Игорь Кистер — 148;  4. Александр Митрофанов — 147;  5. Ерлан Танжарықов — 147. Автор: Думан Балықбаев sports.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×