Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Самар Смақов Германиямен өтетін ойынға аттануы мүмкін.
Шындығында, көрермен мен жанкүйер есебінде. Смақов бұндай әрі жауапты, әрі тартысты қиын ойында командаға қолдау көрсетуі тиіс. Жарақаты үшін ол ойын алаңына шыға алмайды, алайда оның рухани демеуі командаға артықтық етпейді. Төрешілік штаб құраманың вице-капитанын қуана қарсы алып, оның қатысуы біздің команданың футболистерін жігерлендіре түседі дейді.
«Есту аппаратының бұзылуы мен ортанғы құлаққа ұан құйылған» - деген шешімді дәрігерлер «Тобылмен» өткен ойынның үшінші турындағы жарақатта Смақовқа осындай диагнозд қойды. Жараққаттың кесірінен әзірге жаттығу жұмыстарын жүргізе алмауда, тек үш күннен соң ғана жаттығуды бастай алады. Оған қоса Смақовқа әуе транспорты арқылы ұшуға болмайды. Бұлда Кайзерслаутернге баруға үлкен кедергі жасап тұр.
- Әзірге ұща алатынымды не алмайтынымды білмеймін, - деді Смақов. – Әрине жігіттерге қолдау көрсету үшін сол жаққа барғым келеді. Бірақ дәрігерлер ұшақпен ұшуды жөн санамай отыр, және де жаттығу жумыстары да тоқтап тұр. Қазыр мүмкіндігім 50 де 50 болып тұр. Бірақ сонда да Германияға баруым тиіс.