[caption id="" align="alignleft" width="276" caption="Самат қорғанысқа жауапты"][/caption]
Мирослав Беранек 3-маусым күні Астанада өтетін 2012-жылғы Еуропа біріншілігінің іріктеу сынының аясында өтетін матчқа қарай аяқдопшылардың тізімін жариялады. Ішкі біріншіліктің матчтарына сусындап жүрген чех маманы осы күні Қазақстанда өз позицияларында жақсы өнер көрсетіп жүргендерді шақыртыпты.
[caption id="" align="alignright" width="236" caption="Беранектің біліктілігі білінер тұс жақын"][/caption]Оның ішінде ерекше атап өтері соңғы жылдары түрлі себептерге байланысты ұлттық құрама сапына алынбай жүрген тасқамал қорғаушы Самат Сымақов енді ел намысын қорғауға қайта мүмкіндік алды. Көпшілік алдандағы өзінің абройын қорғап қалып, шын мәнісінде өзінің спорттық шыңы әлі бітпегендігін көрсету үшін Саматқа келе жатқан Әзірбайжандармен өтетін кездесуде шеберлігін көрсету ғана қалып тұр. Ғаламтор желісінде үлкен шуға айналып, жанкүйерлердің ренішін тудыртатын бұл кикілжіңді мәселеге Беранек бапкер нүкте қойған секілді. Шторк қаламағ қорғаушы, Беранектің белді ойыншысына айналады деген сеніміміз бар.
Қазақстан ұлттық құрамасы деген кезде көз алдымызға елестейтін Нұрбол Жұмасқалиев бұл жолы команда сапына ілінбей қалды. Германиямен өткен кездесудегі Нұрболдың іс-қимылдары Беранекке ұнамағандықтан ба, әлде премьер-лигадағы ойындарда өзін толықтай аша алмағандықтан ба Жұмасқалиев құрамада жоқ. Дегенмен, бұл жағдай тек уақытша дүние деп түсінген жөн. Себебі, қандайда бір команда болмасын, оның алаңдағы бір бұрышында доп тебу үшін бәсекелестіктің орын алғаны дұрыс. Еуропа футболында бар үрдіс бізге Беранекпен бірге келгенін осы тұстан да анық аңғаруға болатындай. Бір ойынға алынбаған ойыншы, намысқа тырысып, келесі кездесуде керектілер қатарына жату үшін бәрін салары белгілі.
Енді шабуыл өтіндегі ауыс-түйіске тоқталсақ. Осыған дейін алынып жүрген Остапенко мен Лисенковқа енді бұл жолы Сергей Гридин қосылды. Тұңғыш рет Қазақстан құрамасына алынып отырған "Тобылдың" шабуылшысы Мирослав Беранектің қырағы көзіне шалынған секілді. Бойы 190 сантиметрден асатын, дене-тұрқы мығым шабуылшы қазіргі әлемдік футболдың талаптарына сай келіп тұрған секілді. Гридиннің кубоктық кездесуде "Қайрат" қорғанысына қауіп төндірген сәттеріне баршамыз куә болдық.
Қазақстан ұлттық құрама командасының Әзірбайжан командасына қарсы кездесуіне шақырылған ойыншылар тізімі: Қақпашылар: Андрей Сидельников («Ақтөбе»), Александр Мокин («Шахтер»); Владимир Логиновский («Жетісу»); Қорғаушылар: Самат Смақов («Ақтөбе»), Юрий Логвиненко («Ақтөбе»), Сергей Каримов («Вольфсбург», Германия), Марк Гурман («Локомотив» Астана), Михаил Рожков («Локомотив» Астана), Қайрат Нұрдәулетов («Локомотив» Астана), Мұқтар Мұқтаров («Ордабасы»); Жартылайқорғаушылар: Марат Хайрулин («Ақтөбе»), Қазбек Гетериев («Жемчужина» Сочи, Ресей), Серікжан Мұжықов («Жетісу»), Ұлан Қонысбаев («Локомотив» Астана), Марат Шахметов («Локомотив» Астана), Гейнрих Шмидтгаль («Оберхаузен», Германия), Мақсат Байжанов («Шахтер»), Жамбыл Көкеев («Шахтер»), Виталий Евстигнеев («Ордабасы»); Шабуылшылар: Сергей Лисенков («Ақтөбе»), Сергей Остапенко («Жетісу»), Дәуренбек Тәжімбетов («Ордабасы»), Сергей Гридин («Тобыл»).Біздің серіктес: FONBET