Бүгін, Астана уақытымен 18-00 де Ақтөбе қаласындағы "Қобыланды батыр" стадионында Самат Смақовтың футболмен қош айтысу кеші өтеді. Бұл кеште "Ақтөбенің" ардагерлері мен қазақ футболының бұрынғы жұлдыздары жолдастық матч ойнайды. Екі команданың ойыншылар тізімін назарларыңызға ұсынамыз.
