Собослай мен Роналдудың 16 жылдан кейінгі кездесуі

09.09.2025, 11:11

2009 жылдың 9 қыркүйегінде Венгрия – Португалия матчы алдында небәрі 8 жастағы бала Доминик Собослай Португалиялық ойыншы Раул Мейрелиштің қолынан ұстап алаңға шыққан еді. Сол сәтте ол өзінің кумирі Криштиану Роналдуға үш-ақ адамдық қашықтықта тұрған болатын. 

Собослай мен Роналдудың 16 жылдан кейінгі кездесуі

Кейін Собослай бұл жайлы:

“Бұл Роналдуға ең жақын болған сәтім. Бір күні онымен одан да жақын кездесемін деп үміттенемін.”  – деп еске алған еді.

Араға дәл 16 жыл салып, яғни 2025 жылдың 9 қыркүйегінде, сол арман орындалды. Собослай Венгрия құрамасының капитаны. Ол бүгін өз елінің намысын қорғап, алаңда Португалияның капитаны әрі аңыз ойыншысы Роналдуға қарсы ойнайды. 16 жылдан кейінгі орындалған арман!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×