Ресейлік команданың атқарушы директоры аяқдопшыларға қатаң талап қойыпты.
Ресей Премьер-лигасының 13-турында “Сочи” командасы 4:2 есебімен грозныйлық “Ахматты” күтпеген жерден жеңді. Аталған кездесу алдында жеңімпаз ұжымның басшысы футболшыларды бір қорқытып алыпты.
Осылайша, жеңіске жеткен “Сочи” ойыншылары “Оренбургке” ұшақпен баратын болды. Егерде клуб жеңіліс тапқанда, 2200 шақырымды шағын автобуспен жүріп өтетін еді.
Айтпақшы, Максим Самородов командасынан басым түскен “Сочи” РПЛ ұшу аймағынан бір саты жоғарылады. Команда атқарушы директорының талабы болмағанда, арыстандардың жүйелі ойынын көрер ме едік. Автобуспен жүргісі келмеген клуб үшін бұл қосымша мотивация болғандай.