Сол футбол дәп сендер үшін кәсіп қой... Қуат Хамитов Қазақстанның бас бапкерін сынға алды

23.03.2025, 19:49

Аралас жекпе-жек өнерінің өкілі Қуат Хамитов Қазақстан құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Әли Әлиевтің Уэльске қарсы өткен ойынға байланысты айтқан пікіріне жауап қатты.

Сол футбол дәп сендер үшін кәсіп қой...   Қуат Хамитов Қазақстанның бас бапкерін сынға алды
Қуат Хамитов

Айта кетейік, қазақстандық маман сәтсіз кездесуден кейін футбол мен футболшылардың өнерін кәсіпке теңемеуді сұраған. 

Әли Әлиев, Қазақстан құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы: 

- Бүгін жеңіліс табасың, бірақ ертең тағы шығып, бақ сынай аласың. Бұл бүкіл ақшаңнан айырылып, оны қайтара алмай қалатын кәсіп емес. Футболшылардың моральдік әрі психологиялық жағдайын қалыпқа келтіру үшін келесі ойынды міндетті түрде ұту керек». 

БАҚ-та тарап кеткен бұл сұқбатқа Қуат Хамитов жағымсыз пікір білдірген еді. ММА жауынгері осыған дейін де Қазақстан футболын, футболшыларын сынаумен аты шыққан. 

Қуат Хамитов, ММА жауынгері: 

«Сол футбол дәп сендер үшін кәсіп қой. Соның кесірінен халық 30 жыл бойы зардап шегіп отыр». 

Айта кетейік, кеше ұлттық команда ӘЧ-2026 іріктеу аясында Кардиффте Уэльспен кездесіп, 1:3-пен есе жіберді. Қазақстан сапындағы жалғыз голды капитан Асхат Тағыберген пенальтиден салған болатын. Енді Әли Ханәліұлының командасы 25-наурызда Лихтенштейн құрамасымен шеберлік байқасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×