Солтүстік Македония – Қазақстан матчының үздіктері анықталды

14.10.2025, 13:12

Жаһанға танымал «SofaScore» аналитикалық порталы ӘЧ-2026 іріктеу кезеңінің 8-турының аясында болған Солтүстік Македония – Қазақстан ойынының үздік футболшыларын жариялады.

Солтүстік Македония – Қазақстан матчының үздіктері анықталды
Солтүстік Македония - Қазақстан кездесуі

Аталған кездесуде портал алаң иелеріне бір ұпай сыйлап, жеңілістен құтқарған Энис Бардиді (8,1) матчтың үздік ойыншысы деп таныпты. Бұл көрсеткіш бойынша екінші орында ойындары 7,8 ұпаймен бағаланған Дінмұхамед Қараман мен Мұхамеджан Сейсен тұр. Үздік үштікті Нұралы Әліп түйіндеді (7,6).

Айта кетейік, Талғат Байсуфиновтың бапкерлігімен біздің команда соңғы екі матчта 4 ұпай еншіледі. Өткен аптада Лихтенштейнді 4:0-мен ұтып, кеше македониялықтармен тең тарқасты 1:1. Енді соңғы турда Бельгияны қабылдайды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×