Солтүстік Македония топта көш бастады

Благоя Милевский шәкірттері Лихтенштейнді 5:0 есебімен жеңді

Солтүстік Македония топта көш бастады

Македония астанасындағы Тоше Проеьски стадионында болған ойында алаң иелерінен 5 футболшы көзге түсті. Бірінші таймда Элиф Эльмас есепті ашып берсе, оның артынша Энис Барди, Дарко Чурлинов, Лирим Камили, Лука Станковский гол соқты. Сөйтіп Лихтейнштейннің Бельгияға қарсы кездесуден кейінгі екінші ірі жеңілісін тіркеді. 

Еске салсақ, бұның алдында топтың аутсайдері Бельгиядан 0:6 есебімен есе жіберді.

Кезекті жеңісінен кейін Македония іріктеудің J-тобында 11 ұпаймен көш бастады. Екінші орында 10 ұпайы бар Уэльс келеді. Үздік үштікті қосымша тағы екі ойынын бар Бельгия түйіндеп отыр. Біздің Қазақстан болса, Лихтенштейннен алған 3 ұпайдан кейін бірде-бір саты алға жылжымады. Команда сол күйі 4 орында келеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×