Сон Хын Мин үздік сарбаз!

12.05.2020, 20:46
«Тоттенхэм» шабуылшысы Сон Хын Мин Оңтүстік Корея армиясының қатарында үш апталық әскери курстан өтті.
Сон Хын Мин үздік сарбаз!

Футболшы 20-шы сәуірден бері сапта тұрып, әскери өмірдің қыр-сырымен танысты. Мамандар оның жақсы қырынан көзге түскенін, әрі үздік сарбаз болғанын айтады. Сон Хын Мин 157 жауынгері бар өз тобында алғашқы бестіктің қатарына кіріпті. Шабуылшы қақпаны ғана емес, нысананы да дәл көздейтінін дәлелдеп, оқу атуда мергендік танытқан. Курс аяқталғаннан кейін футболшыға арнайы диплом табысталды. Енді Сон әскери борышын толық өтеп шығу үшін, 2023-ші жылға дейін түрлі қоғамдық жұмыстарға араласады. Оңтүстік Кореяда ер азаматтар 28 жасқа дейін армия қатарында 21 ай борышын өтеуге міндетті. Корея құрамасы Азия кубогында жеңіске жеткеннен кейін Сон әскер қатарынан босатылды. Бірақ ол бәрібір армияның жалпы ережелерімен танысып, арнайы дайындықтан өтуі тиіс. Сон Хын Мин Англиядан оралған соң 14 күндік карантинде болды. Футболшы Лондонға мамырдың ортасында қайтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×