Соңғы ескерту – Бапкердің тағдыры алдағы матчта шешілмек

15.04.2026, 10:48

Елордалық “Жеңіс” клубының бас бапкері Әли Әлиев қыл үстінде тұр, деп хабарлайды Aladop.kz.

Соңғы ескерту – Бапкердің тағдыры алдағы матчта шешілмек

Клуб басшылығы маманға нақты талап қойып, соңғы мүмкіндігін берген көрінеді. Егер келесі ойында нәтиже көңіл көншітпесе, бапкер қызметінен кетуі мүмкін.

Match KZ таратқан мәліметке сәйкес, Әли Әлиевтің алдына қиын мақсат қойылған, кезекті турда азулы “Ақтөбе” клубын тізе бүктіру. Бұл жай ғана кездесу емес, бапкер үшін нағыз сынақ болмақ.

Егер елордалық ұжым “Қызыл-Ақтармен” өтетін ойында ұпай жоғалтатын болса, Әли Әлиев бірден қызметінен босатылады.

Басшылық команданың қазіргі көрсеткіштеріне көңілі толмайды, сондықтан шұғыл шаралар қолдануға дайын.

“Жеңіс” — “Ақтөбе” матчы 19 сәуір күні сағат 17:00-де басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×