Бейсенбіде «Ордабасы» Конференция Лигасында келесі кезеңге өтуге тырысып көреді. Люксембургтегі сәтсіздіктен кейін шымкенттік ұжымның жағдайы аса мәз емес. Егер ертең жағдайды түземесе, клубта біраз ауыс-түйістердің орын алатыны анық. Көзі қарақты оқырман ең алдымен бас бапкер Александр Седневтің басына бұлт үйірілетінін сезіп-ақ отыр. Осы орайда біз қазақстандық командалар қатарындағы еурокубоктердегі матчтар санын 50-ге жеткізген Сергей Малыйды құттықтап, «Ордабасы» қорғаушысымен клубтың тыныс-тіршілігі, ішкі атмосферасы мен осы маусымдағы мақсаттары жайлы әңгімелескен едік.
Ал бұл сұхбаттан сіздер:
- Сергей, ең алдымен сізді еурокубоктердегі 50-кездесуіңізбен құттықтаймыз! Біздіңше, бұл өте жақсы көрсеткіш. Бұдан бөлек, Қазақстан құрамасы сапында 63 ойыныңыз бар екен. Бұл көрсеткіш бойынша Самат Смақовтың рекордын бұзатын жақсы мүмкіндігіңіз бар ғой?
- Құттықтауларыңызға үлкен рахмет! Әрине, генерал болуды армандамайтын жауынгер жоқ. Бұл мачтар кем дегенде екі есе көп болса деген тілегім бар. Мақсатым көп. Ал енді ұлттық құрамадағы кездесулеріме келетін болсақ, бұл әрине мен үшін әрқашан зор абырой! Жалпы, құрама жейдесінде доп тебу кез-келген футболшының арманы! Менде команда қатарында тағы біраз биіктерді бағындыру мүмкіндігі болса, міндетті түрде соны жүзеге асыруға тырысамын.
Бірақ соңғы сәтте бір қырсық шалады да тұрады: гол соғатын мүмкіндіктерді жүзеге асыра алмаймыз. Неге екенін өзім де түсінбей-ақ қойдым
– Сергей, енді Еурокубоктегі матчар жайлы әңгімелессек. Өткендегі Конференция лигасындағы бірінші кездесу мен «Петрокубпен» өткен екі ойыннан кейін клуб қандай ой түйді? Жалпы, командаға осы ойындарда не жетпеді, сіздің ойыңыз?
- Маңызды матчтардағы мүмкіндіктерді жүзеге асыруда біраз қиындықтар бар. Алайда, өз деңгейімізге ақырындап болсын келе жатқанымызды сеземіз. Өткен матчтарда мүмкіндіктер мүлде болмады дегенмен келіспеймін. Бірақ соңғы сәтте бір қырсық шалады да тұрады: гол соғатын мүмкіндіктерді жүзеге асыра алмаймыз. Неге екенін өзім де түсінбей-ақ қойдым. Бірақ солай... Бапкерлік құрам осыған байланысты тапсырмаларын да берді және осы бір олқылықты жоюға бағытталған жұмыс жүріп жатыр. Біздегі басты мәселе де осында, ал ең бастысы, «Ордабасының» футболшылары жауапкершіліктен қашпайды. Біздің команданың жасыл алаңға шығудағы мақсаты - жеңіске жету. Сіздің бұл сауалыңызға басқа алып-қосар ештеңем жоқ.
Жасыратыны жоқ, команданың ішінде атмосфера да мәз емес. Жеке өзіме іштей бір ширығу бар секілді. Себебі, біз жеңіске жете алмай келеміз. Бұл, футболшыларға өте ауыр тиеді. Соңғы нәтижелер команданың ішкі атмосферасына жағымсыз әсер етуде.
- Сергей, ешкімнің де жеңілгісі келмейтіні түсінікті, әсіресе, тұтастай елдің намысы тұратын еурокубок ойындарында. Қазақстан чемпионының ішкі атмосферасында болып жатқан дүниелер бізге ғана емес, біраз жанкүйерлер үшін де қызық деп ойлаймыз...
- «Ордабасы» - өте амбициялы команда. Ал мұндай клубтың айналасында небір алып-қашпа әңгімелердің болатыны заңдылық. Оған ешкім ренжімейді, мен мұны тіпті қалыпты дүние дер едім. «Ордабасының» қазіргі жағдайына әрине ешкімнің көңілі толмайды. Бапкерден бастап барлық футболшының көңіл-күйін керемет дей алмайсың. Жасыратыны жоқ, команданың ішінде атмосфера да мәз емес. Жеке өзіме іштей бір ширығу бар секілді. Себебі, біз жеңіске жете алмай келеміз. Бұл, футболшыларға өте ауыр тиеді. Соңғы нәтижелер команданың ішкі атмосферасына жағымсыз әсер етуде.
Ең алдымен - адамдарды жақсы танитын қыры. Александр Сергейұлы футболшылардың жан дүниесін терең түсіне біледі.
- Біраз бапкермен жұмыс істедіңіз, Александр Седневтің жаттықтырушы ретінде қандай қырын ерекшелеп айтар едіңіз?
- Ең алдымен - адамдарды жақсы танитын қыры. Александр Сергейұлы футболшылардың жан дүниесін терең түсіне біледі. Сондай-ақ, маған оың жаттықтыру процесі де ұнайды. Өте қызықты өткізеді деуге болады. Біздегі жаттығу процесі өте интенсивті. Бас бапкеріміздің өзге мамандардан басты айырмашылығы да осында дер едім.
Бізде құрамда жақсы-жақсы футболшылар бар, бапкеріміз де жоғары деңгейлі маман. Жалпы, жақсы ұжымда доп тебетініме сенімдімін және күрделі кезеңнен көп ұзамай шығатынымызға да күмән жоқ.
- «Ордабасыға» жиі сын айтылады, әсіресе, команданың қорғаныс шебіне...
- Енді команда жеңіске жете алмаса, солай болады ғой. Алайда, біз жағдайды түзеу үшін барымызды саламыз, бірақ әзірге жағдай осылай болып тұр. Бізде құрамда жақсы-жақсы футболшылар бар, бапкеріміз де жоғары деңгейлі маман. Жалпы, жақсы ұжымда доп тебетініме сенімдімін және күрделі кезеңнен көп ұзамай шығатынымызға да күмән жоқ. Мұндай жағдай барлық командаларда болады. Тек қол қусырып отыра берген жарамайды, тығырықтан шығар жолды іздеу маңызды.
Енді біздің алдымызда Конференция Лигасы бар. Оған үлкен жауапкершілікпен дайындалудамыз. Бұл қарсыластан да, жалпы іріктеудегі барлық кезеңдерден де сүрінбей өтеміз деп сенемін.
- Люксембургтік командамен жауапты кездесуге дайындық қалай өтуде?
- Бұл біз үшін осы маусымдағы ең маңызды ойынның бірі. Әрине, дайындық жоғары деңгейде. Оның алдында чемпионатта «Жетісумен» кездесу өткіздік. Талдықорғанда да ұпайдан шашау шығаруға болмайтын еді. Үш ұпай алуды көздеп едік, бірақ бұйырғаны бір ғана ұпай. Енді біздің алдымызда Конференция Лигасы бар. Оған үлкен жауапкершілікпен дайындалудамыз. Бұл қарсыластан да, жалпы іріктеудегі барлық кезеңдерден де сүрінбей өтеміз деп сенемін.
- Сергей, легионерлер лимитіне байланысты пікірлерді білетін боларсыз... Біздегі реформалардың мақсаты - ҚПЛ деңгейін көтеруге арналғандай еді, бірақ нәтиже бар ма? Биыл еурокубоктегі командаларымыздың өнері көңілден шықпай тұр.
- Әрине, легионерлерге байланысты әркімнің өз пікірі бар. Меніңше, биылғы премьер-лиганың деңгейі өскен, себебі, чемпионатқа түрлі елдің өкілдері келді. Ал реформалардың тиімді жүзеге асырылуын, алаңдағы легионерлер санының схемасын жүйелеу секілді дүниелерді жауапты мамандар реттейді деп есептеймін.
- Әңгімеңізге рахмет, Сергей!
- Сіздерге де сәттілік тілеймін!
Біздің серіктес: FONBET