Соңғы бес жылда трансферлік құны арзандаған ойыншылар

25.07.2020 16:47 Әлем футболы

Бұл тізімде әлемнің үздік ойыншылары да бар

Соңғы бес жылда трансферлік құны арзандаған ойыншылар

Уақыт ешкімді аямайды, тіпті футболшыларды да. Олардың кейбіреулері мансабын аяқтауда, ал басқаларының ойыны бәсеңдеп жатыр. Біз бұл мақалада соңғы бес жылдағы трансферлік құны төмендеген 10 ойыншы туралы айтатын боламыз.

10. Винсент Компани

Жасы: 33

Қазіргі клуб: "Андерлехт"

2015 жылғы құны: 33 миллион еуро

Қазіргі құны: 5 миллион еуро

Ұлы капитан Винсент Компани "Манчестер Ситиде" 11 жылын өткізді. Ол мансабында көптеген жетістіктерге жетті: капитандық белгіге ие болды, көптеген олжаларды жеңіп алды, ал құлдырауға қорғаушының жиі жарақаттануы жатады. 2015 жылдан бастап ол көптеген жарақаттар ала бастады, тіпті соңғы маусымда да біраз жарақат алып үлгерді.

2019 жылдың көктемінде Компани "Лестерге" қарсы жеңісті голды соққан болатын. Бұл доп «қалалықтарға» АПЛ аяқталғанға дейін кестеде бірінші орында тұруға мүмкіндік берді.

Сол жылы Винсент Компани клубтан кететіні туралы жариялады. Бельгиялық ойыншы өзінің туған жері "Андерлехтке" жаттықтырушы-футболшы ретінде оралды. Бельгия чемпионатының ағымдағы маусымында он матч өткізді, бірақ нәтижелі әрекеттермен көзге түскен жоқ.

"Андерлехтке" кетер алдында бельгиялық мұның себебін түсіндірді: «Қанша қиын болса да, кететін уақыт келді. Мен алғыстан басқа ештеңе айтпаймын. Осы клубта маған қолдау көрсеткендердің барлығына алғысым шексіз. "Сити" клубындағы алғашқы күнім есімде. "Манчестер Сити" жанкүйерлерінің адалдығы мен қолдауын ешқашан ұмытпаймын. Көптеген қиындықтарға қарамастан, маған қолдау көрсетуді жалғастырып, ешқашан берілмеуге рухтандырды».

9. Марио Гетце

Жасы: 27

Қазіргі клуб: "Боруссия"

2015 жылғы құны: 50 миллион еуро.

Қазіргі құны: 18 миллион еуро.

Марио Гетце «Боруссия Дортмундтан» ең басты бәсекелесі "Баварияға" ауысып келді. "Бавария" Гетце үшін 37 миллион евро төледі. Бірінші маусымнан бастап Марио негізгі құрамға ене бастады. Дебюттік маусымда Гетце клуб үшін 10 гол соқты.

Бірақ 2014/2015 маусым сәтсіз басталды, Гетце өнер көрсететін "Бавария" Суперкубогты "Боруссияға" беріп қойды. Марио маусымның басында ойынды негізгі құрамда бастап, команда үшін үнемі ойнауды жалғастырды. Бірақ маусымның соңы бұлыңғыр болды, клуб басшылығы Гетценің ойынын сынға алды, ал бас бапкер ойыншыға толығымен қанағаттанбады. Нәтижесінде, келесі маусымда ол командадағы өз орнын жоғалтты, содан кейін қайта "Боруссияға" оралды.


8. Арда Туран

Жасы: 33

Қазіргі клуб: "Барселона"

2015 жылғы құны: 35 миллион евро

Қазіргі құны: 800 мың еуро

Арда Туран өзінің қажырлы еңбегінің арқасында жұлдызға айналған еді. «Атлетикода» ол көп тер төкті. Туран алаңның кез келген бөлігінде ойнады, Симеонеге жауынгер ойыншылар керек еді, Арда солардың бірі болды.

2014/2015 маусым «Атлетико» үшін кездейсоқ болмады. Команда чемпиондық титулды қорғай алмады, дегенмен кейбір ойыншылар үлкен клубтардың көзіне түсті. Солардың арасында Арда Туран да болды. Сәтті маусым және тұрақты ойын Түркиялық ойыншының "Барселонаға" ауысуына мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта Туранның мансабы нашар дамып келеді. Ол бірнеше маусымды Түркияның «Башакшехир» клубында жалда ойнады. Осы екі жыл ішінде оның айналасында жеткілікті жанжалдар болды, күзде ол клубта ұрыс шығарғаны үшін шартты түрде жазасын алды. Ал қазір "Барселона" оған жаңа клуб табуға тырысуда.

7. Халк

Жасы: 33

Қазіргі клуб: "Шанхай СИПГ"

2015 жылғы құны: 45 миллион еуро

Қазіргі құны: 8,5 миллион еуро

Санкт-Петербургтік "Зенитте" Халк клуб көшбасшыларының бірі болды. Бразилиялық көп гол соқты, пас берді және қарсыластарына өз күшін көрсете білді. Халк Ресей чемпионатында ғана емес, сонымен қатар Еурокубоктарда да сәтті өнер көрсетті.

2014/2015 маусымда ол «Зенитке» чемпион атануға көмектесті және ең үздік шабуылшы атағын жеңіп алды. Маусым ішінде ол 15 гол соқты.

2016 жылдың жазында ол «Зениттен» 56 миллион еуроға Қытайдың "Шанхай СИПГ" клубына ауысты. Соңғы үш маусымда бразилиялық кемінде он голдан соғып шықты. Клубта Одил Ахмедов, Оскар және Марко Арнаутович өнер көрсетеді.


6. Радамель Фалькао

Жасы: 33

Қазіргі клуб: "Галатасарай"

2015 жылғы құны: 45 миллион еуро

Қазіргі құны: 6 миллион евро

2014 жылы жазғы трансферлік терезенің соңғы күнінде Фалькао "Манчестер Юнайтедке" жалға берілді. 2014/2015 маусым колумбиялық үшін ауыр болды. Барлығы одан керемет ойын күтті, бірақ жұрт ойлағандай болмады. Мұның барлығына кінәлі - Радамельдің бүкіл чемпионат бойына алған жарақаттары. Ай сайын немесе екі айда бір рет қалыпқа келу керек болған кезде тұрақты футбол көрсету қиын. Маусым сәтсіз аяқталды, шабуылшының қоржынында небәрі төрт гол болды. Содан кейін Фалькао "Монакоға" оралды.

Өткен күзде Радамель еркін агент ретінде «Галатасарайға» ауысты. Жазда оны керемет қошеметпен шығарып салған жанкүйерлер одан көп нәрсені күтеді.

5. Лука Модрич

Жасы: 34

Қазіргі клуб: "Реал Мадрид"

2015 жылғы құны: 55 млн еуро

Қазіргі құны: 15 млн евро

2012 жылдың жазында Хорватиялық ойыншы «Корольдік» клубқа ауысқан еді. Испаниялық клуб талантты футболшы үшін 35 миллион евро төледі. Ол алғашқы ойындардан бастап команданың негізгі ойыншысы болды. Лука - ақылды ойыншы, оны жаттықтырушының өзі бірнеше рет атап өткен болатын.

Ол 2014/2015 маусымын әдеттегідей жоғары деңгейде өткізді. Рас, ол жарақат алды, сондықтан маусымның жартысын өткізіп алуына тура келді. Бірақ бұл жағдай жартылай қорғаушының маусым соңында өз еліндегі ең жақсы ойыншы болуына кедергі болмады. Модрич "Реал Мадридке" берілген ойыншы, ол осы күнге дейін "Корольдік" клубта ойнайды. Бас бапкер мен клуб басшылығының сенімі Модричті басқа клубтардың ұсыныстары туралы ойламауға мәжбүр етті.


4. Сеск Фабрегас

Жасы: 32

Қазіргі клуб: "Монако"

2015 жылғы құны: 50 миллион евро

Қазіргі құны: 10 миллион еуро

2014 жылы "Челси" «Барселонадан» Сеск Фабрегасты 33 миллион еуроға сатып алатыны туралы хабарлады. Келісімшарт мерзімі 5 жылға есептелген.

Англиядағы 2014/2015 маусым Фабрегас үшін ең сәтті кезең болды. «Челси» Англия чемпионы және Англия Кубогының жеңімпазы атанды. Сеск Фабрегас сол құрамдағы үздіктердің бірі болды. Испаниялық ойыншы чемпионатта 18 голдық пас беріп, лиганың ең үздік жартылай қорғаушысы атанды және одан бөлек үш гол соқты.

Қазір Фабрегас «Монакода» ойнайды. Франция клубына 2019 жылдың қысында 9 миллион еуроға қосылды. Өз командасының нәтижелерін ескере отырып, оның Франциядағы ойынын сәтті деп айтуға болмайды.

3. Гарет Бэйл

Жасы: 30

Қазіргі клуб: "Реал Мадрид"

2015 жылғы құны: 80 миллион еуро.

Қазіргі құны: 40 миллион еуро

Гарет Бэйл «Реал Мадридке» "Тоттенхэмнен" 2013 жылы 100 миллион еуроға ауысып келген. Бұл трансфер Бэйлді сол кездегі тарихтағы ең құнды ойыншыға айналдырды. Гарет ауысқаннан кейін трансфер әлемінде төңкерістер басталды.

Бэйл мен Криштиану дуэті тек Испания чемпионаты аясында ғана емес, басқа турнирлерде де көп шу шығарды.

2014/2015 маусымда Гарет "Реал" үшін 31 кездесуде 13 гол соқты. Ойыншының маңызды мәселесі - жарақаттануы. Клубта болған жеті жылда ол 20-дан астам жарақат алды. Жыл сайын БАҚ Бэйл «Реал Мадридтен» кетеді деп айтады. Мұның басты себебі агент пен клуб арасындағы қарым-қатынастың нашарлығында болды, ал Бэйлдің өзі бастықтармен де, жаттықтырушылар құрамымен де жиі-жиі қақтығысқа түсті. Тіпті жартылай қорғаушы соңғы ысқырықты күтпей-ақ стадионнан шығып кеткен кездері де болған.


2. Уэйн Руни

Жасы: 34

Қазіргі клуб: "Дерби Каунти"

2015 жылғы құны: 45 миллион еуро

Қазіргі құны: 4,5 миллион еуро

Уэйн Руни - «Манчестер Юнайтедтің» аңызы. Ол «қызыл сойқандардың» құрамында 13 жыл ойнады. 2014/2015 маусымда Руни команданың жаңа капитаны болды. Уэйн клубтың көшбасшысы болды, ол маусымдағы ең маңызды голдарды соқты. Луи ван Гаал Руниді тек шабуылшы ретінде ғана емес, шабуылдаушы жартылай қорғаушы ретінде де қолданды. Уэйн Руни барлық жарыстарда 14 гол соғып, маусымның соңында клубтың ең үздік бомбардирі атанды. Уэйн Руни - қазіргі уақытта "Дерби Каунти" клубының жаттықтырушы-футболшысы. Руни бұл жақта да гол соғуын жалғастыруда.

1. Криштиану Роналду

Жасы: 34

Қазіргі клуб: «Ювентус»

2015 жылғы құны: 120 миллион еуро

Қазіргі құны: 75 миллион евро

Криштиану Роналду әлемдегі ең мықты футболшылардың бірі. Өз мансабында ол бірден үш клубтың, соның ішінде «Спортинг», «Манчестер Юнайтед» және «Реал Мадрид» клубтарының аңызына айналды. Ол ең керемет жылдарын "Корольдік" клубта өткізді.

2014/2015 маусымда Португалиялық тағы бір керемет маусымды өткізді, ол өз мансабындағы 500-ші голын соқты. Барлығы 2014/2015 маусымда 36 ойында ол қарсыластың қақпасына 35 рет гол соқты. Сол маусымда ол клуб тарихындағы Раульді басып озып, "Реалдың" үздік сұрмергені болды. Қазір Криштиану Роналду «Ювентус» сапында ойнайды, ол 2018 жылдың жазында «Реалдан» 117 миллион еуроға ауысып келді.


8 пікір

  1. Еро

    Еро

    26.07.2020 18:28

    Енді жасы келген ойыншыларғой, жалғыз осы оны емес барлық футболшы уақыт өте келе өз бағасынан құны түсе бастайды бұл заңдылық, мбаппе жас ойыншы ол әлемдегі ең қымбат ойыншы болуы мүмкін, кәзіргі оның бағасы 250 млн еуро,былтырғы бағасы 350 млн еуро болған, келесі жылы оны Реал Мадрид 250 млн еуро ға сатып алуы мүмкін, мбаппе ПСЖ клубімен 2022 ге дейін ойнайды және трансферін ұзартса онда Реал Мадрид оған ақшалай 250 млн еуро төлеуге тура келеді, ал мбаппе келісім шартын ұзартпаса онда Реал Мадрид сол 250 млн еуроға сатып алады бірақ Мадридтік клубқа керек емес жас ойыншыларын бір немесе екі ойыншысын беріп ақшалай 180 млн төлеуі мүмкін, ал бес жылдан кейін мбаппенің бағасы 150 млн еуро ға түседі, солай түсе береді, бул бизнес.

  2. Анон

    Анон

    26.07.2020 08:14

    Роналду 35те есес па

  3. Алмасбек Əлібекұлы

    Модрич,Роналду, керек ойыншылар бірақ

  4. Аян

    Аян

    26.07.2020 06:08

    Осылардын биреуин ФК Кайраттан коруимиз мумкин.

  5. Ордабасы ға керек ойыншылар десей

    Ордабасы ға керек ойыншылар десей

  6. 45 67

    45 67

    25.07.2020 23:34

    Фонбет бонус калай аламыз

  7. Диас Шаймахан

    Диас Шаймахан

    25.07.2020 21:54

    Компани лестерге соқпағанда ливерпул екі рет жеңетін еді аплді

  8. Мейіржан Боранбайұлы

    Көбінің жасы келген ойыншылар!