Соңғы онжылдықтағы Африканың үздік ойыншысы белгілі болды

06.02.2021, 21:21
Алғашқы орындарға «Ливерпуль» шабуылшылары ие болды.
Соңғы онжылдықтағы Африканың үздік ойыншысы белгілі болды

Халықаралық футбол тарихы және статистика федерациясы (IFFHS) соңғы онжылдықтағы Африканың үздік футболшыларының тізімін жариялады.

Рейтингте "Ливерпуль" мен Египет ұлттық құрамасының шабуылшысы Мохамед Салах көш бастады. Екінші орынды "Ливерпуль" мен Сенегал құрамасының шабуылшысы Садио Мане меленді. Үздік үштікті "Манчестер Сити" мен Алжир құрамасының жартылай қорғаушысы Рияд Марез түйіндеді.

Еске салайық, Салах "Ливерпуль" сапында 2017 жылдан бері ойнап келеді. Египеттік шабуылшы осы маусымда Англия Премьер-лигасында 21 ойын өткізіп, 15 гол соқты, 3 нәтижелі пас берді. Футболшының "Ливерпульмен" қазіргі келісімшарты 2023 жылдың жазына дейін жасалған. 2011 жылдан бастап Салах Египет құрамасына шақыртылып келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×